Облыстық фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау тобы жоспарлы әдістемелік ұйымдастыру жұмыстарын 2024 жылдың 3 айы қорытындысы бойынша 1-2 сәуір аралығында Мойынқұм ауданының орталық ауруханасына, Жамбыл, Биназар, Хантау ФАП жүргізді.Атап айтсақ флюорографиялық тексерулердің жүйелігін,
БЦЖ және Манту сынамаларының қорытындыларын енгізу, туберкулезге күдік туған жағдайда жүргізілетін алгоритмдерді 214 бұйрық бойынша DAMUMED жүйесінен onlain түрде көрсетіп, әр маманға жеке -жеке комек ұйымдастырылды. Монитринг барысында туындаған сұрақтарға толықтай жауаптар беріліп , алдағы уақытта электронды бағытта жұмыстарды жетілдіру ұсынылды.Жұмыс қортындысы бойынша аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасарының қатысуымен жиын өткізіліп, шешу жолдарын талқыланды.