01

Жамбыл облыстық  фтизиопульмонология орталығының
бас дәрігері Шымыров Дабыл Омарұлының
                                                        ӨМІРБАЯНЫ                                                               

  Шымыров Дабыл Омарұлы, 1981 жылы, казан айының 6 жұлдызында Жамбыл облысы Талас ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келген.

Ұлты қазақ. Қазақстан Республикасының  азаматы.

    1989 жылы Шу ауданындағы Н.К. Крупская атындағы орта мектебіне бірінші сыныпқа барып. 1999 жылы Тараз қаласындағы Т. Рысқұлов атындағы № 48 орта мектебін тәмәмдаған. 2000 жылы Алматы қаласындағы С.А. Асфендияров атындағы Қазақ ҰМУ-нің емдеу ісі факультетіне түскен. 2006 жылы жоғарғы оқуды бітіріп дәрігер мамандығын алып шықты. Әскери дайындау кафедрасын тәмәмдап,  лейтенант шені берілген.  2006-2007жж. ОҚММА-ның интернатурасында оқып жалпы тәжірибелі дәрігер мамандығына ие болған.  Еңбек жолын 01.09.2007 жылы Тараз қаласындағы № 4 БМСК- оралығына жалпы тәжірибелі дәрігер лауазымынан бастаған. 09.04.2010 жылы Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне фтизиатр дәрігері лауазымына ауысқан. Сол жылы «Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты»  фтизиатр дәрігері мамандығы бойынша қайта даярлықтан өттіп келген. 2014 жылы «Денсаулық сақтау кадырларының дипломнан кейінгі білім академиясында» «Қоғамдық денсаулық сақтау/ Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен. Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының 06.05.2014ж. № 87 бұйрығымен Талас аудандық туберкулезге қарсы диспансеріне бас дәрігер лауазымына тағайындалған. 2017 жылдың 16 мамырында Меркі аудандық орталық ауруханасына бас дәрігердің әдестемелік-ұйымдастыру жұмыстары бойынша орынбасары болып тағайындалған. 18.06.2019ж. Меркі аудандық орталық ауруханасына бас дәрігердің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалған. 06.11.2019 жылы Жамбыл облысы фтизиопульмонология орталығына қарасты «Ахуалдық орталықтың» жетекшісі болып жұмыс атқарған. 2019-2021жж. аралығында ХТИИ-ң магистратурасын бітіріп, «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының «Магистірі» дәрежесін иеленген. 25.05.2021 - 26.01.2022 жж. аралығында Жамбыл облыстық көп бейінді онкология және хирургия орталығының директоры лауазымында жұмыс жасаған. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының 25.01.2022 жылғы, № 11 бұйрығымен Жамбыл облыстық фтизиопульмлнология орталығы, бас дәрігер лауазымына тағайындалған.

Дабыл Омарұлы Шымыров, еңбек жолында жақсы маман, білікті ұйымдастырушы, тәртіпті, өзіне және қарамағындағы қызметкерлерге жоғары мақсатты талап қоя білетін басшы ретінде өзінің қабілетін  көрсете білді. Білімді, өз ісін жетік білетін, тәжірибелі және білікті маман. Денсаулық сақтау саласының ерекшелігі мен қиындығын ескере отырып, кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отырады.

 Республикалық және облыстық басылымдарда, денсаулық тақырыбында көптеген мақалалар шықты.

Отбасылық жағдайы: үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.