Жамбыл облысында алғаш рет 1938 жылы Октябрьская, 3 мекен-жайында 1940 жылдың 4 сәуіріндегі №128 бұйрықпен амбулаторлық типтегі туберкулез диспансері ашылды. Оның бірінші жетекшісі фтизиатр-дәрігер М.Т.Инкаров болды, ол жергілікті материалды жинақтап, облыстағы алғашқы дәрігерлердің бірі болып туберкулез мәселесі бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.
Туберкулез диспансерін Коммунистическая 3 мекен-жайындағы ғимаратқа ауыстырылып, штат санын екі есеге арттырып, 4 дәрігерлік штат алынды.
1942 жылы 15 төсек орналастырылды, 2 дәрігер жұмыс істеді, зертхана жоқ, бүкіл қалаға ортақ бір рентген кабинеті болды.Облыстық туберкулез диспансерінің стационарлық бөлімі Фурманов көшесі, 38 мекен-жайындағы бұрынғы керуен сарайдың ескі ғимаратында орналасқан, сыйымдылығы небәрі 15 төсекті құрады.Облыстық туберкулезге қарсы диспансері 1947 жылы штаттармен толықтырылды және 1959 жылға қарай 100 төсекпен және 10 дәрігердіқұрады және құрамында 1 клиникалық зертхана мен 1 рентген кабинеті болды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 11.12.1947 жылғы №196 бұйрығымен облыстық туберкулезге қарсы диспансер өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарға арналған стационармен қосылып туберкулезге қарсы мекемеге біріктірілді, сөйтіп облыс бойынша туберкулезге қарсы қызметінің ұйымдастыру-әдістемелік орталығына айналды.
1950 жылдың қарашасынан бастап облыста бірінші флюорографиялық бөлімше жұмыс жасай бастады, қала орталығында флюорографиялық орталық ұйымдастырылды, оны ұзақ жылдар бойы шебер ұйымдастырушы, дәрігер Михасик Виталий Федорович басқарды. Диспансердің стационарлық бөлімінде 1962 жылы 25 төсектік хирургия бөлімі ашылды. Диспансерлік бөлім 1967 жылдан бастап учаскелік қағида бойынша жұмыс істей бастады. Осы аталмыш диспансер бөлімін ұзақ жылдар бойы жоғарғы санатты фтизиатр дәрігер Мырзахметов Салыбек Рысбекұлы басқарды.
1974 жылы облыстық туберкулезге қарсы диспансердің типтік ғимаратының құрылысы басталды, ол 1980 жылдың мамырында жоспарлы сыйымдылығы 200 төсек-орынмен аяқталып, пайдалануға берілді. Алайда, іс жүзінде 405 төсек орналастырылды.
Содан соң, 1980 жылы Тараз қаласы, А.Асқаров көшесі, 278 мекен-жайында «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансері» коммуналдық мемлекеттік мекемесі пайдалануға берілді.
Жамбыл облысының бас фтизиатрлары және Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігерлері болып 1964-1987 жылдары Макренко Зинаида Даниловна, 1987-1996 жылдары – Шораев Қайсар Сәкенұлы, 1996-1999 жылдары – Әбілдаев Тілеухан Шілдебайұлы, 1999-2002 жылдары – Ким Валерий Михайлович, 2002-2005 жылдары – Егембердиев Қуандық Шаймерденұлы, 2005-2010 жылдары –Әбілдаев Тілеухан Шілдебайұлы, 2010-2015 жылдары Кабдрахимова Айман Ахрапқызы, 2015-2021 жылдары Жетібаев Қайрат Қыдырәліұлы істеді. 2021 жылдың сәуір айынан бастап бас дәрігер қызметін Сауранбаев Еркінтай Аштайұлы атқарды.Ал 2022жылдың 26қаңтар айынан бастап бас дәрігер қызметіне Шымыров Дабыл Омарович тағайындалды.
Қазіргі таңда, Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы бас дәрігердің медицина бөлімі жөніндегі орынбасары болып Жүзбаев Жалғас Сарабекұлы, бас дәрігердің экономикалық жұмыс және әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары болып Абильдаева Салтанат Шадыхановна, бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары болып Жолдасова Гүлзия Сәбитқызы, бас дәрігердің медициналық қызметтердің сапасын бақылау және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары болып Жапарова Ләззат Мелісқызы жұмыс атқаруда.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2008 жылғы 10 қаңтардағы «Қосымша штат бірлігі туралы» № 20 бұйрығына сәйкес облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде клиника, зертханалық қызмет, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ақпараттандыру, эпидемиология секілді 5 маманнан тұратын мониторинг және бағалау тобы құрылды. Бүгінгі таңда топ жетекшісі болып жоғары санатты фтизиатр дәрігерОмарбекова Ақмарал Қасымбекқызы қызмет атқаруда.
Сондай-ақ, Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында өз ісінің маманы, жоғары санатты дәрігерлер жұмыс істеді. Атап айтсақ:Мельникова Лидия Георгиевна, Рыбалко Ольга Артемовна, Надежда Григорьевна,Герасимович Петр Григорьевич, Вейс Петр Петрович, Сабазова Дариға Абильдакуловна, Иванчихина Нонна Николаевна, Кошумова Наталья Кажимовна, Кладт Александр Карлович – ҚазССР-не еңбегі сіңген дәрігер, Ращупкина Нелли Александровна – медицина ғылымының кандидаты, Михасик Виталий Федорович, ХайрединоваАдель Саидовна, Плугин Виктор Иванович, Геннадий Сергеевич Пак, Умарова Дариға Мырзабаевна, Бүкібаева Нұржамал Еспаевна, Байбурина Роза Кашифовна, Василенка Тамара Михайловна, Байтнец Наталья Николаевна, Құралбаева Дәнекүл Дарушевна, Ибраев Тұрсын Жақияұлы, Дүйсенбаева Сәуле Кадыровна, Мырзахметоа Салыбек Рысбекұлы, Арымбаев Дәулет Әмребекұлы, Даримбетова Алтынкүл Рановна, Кангереев Мухамбет Қойшыманұлы,Джумагулова Алтынбубу Садыбакасовна. Өкінішке орай, бүгінгі таңда осы кісілердің біразы бақилық болды. Қазіргі таңда, туберкулез саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, зейнетке шығып, әлі күнге дейін халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп жүргенардагер дәрігерлеңңріміз бар. Атап айтсақ:Нұрбаева Дамира Махановна, Умбеталиева Амантур Имашевна, Толендиева Роза Киргизбаевна, Садыкаева Гүлнар Каскабаевна, Кенжебаева Дәнегүл Абдығалиевна, Жакипова Замзагул Сабырхановна, Аяпов Талғат Тәжікенұлы, Дүйсеманова Пернекүл Дүйсеманқызы.
«Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансері» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тараз қаласының Әділет басқармасында 2011 жылдың 21 қарашасында заңды мекеме ретінде мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының26.09.2016ж. №628-ө бұйрығымен аудандардағы туберкулезге қарсы диспансерлер сол аудандардағы Алғашқы медициналық санитариялық көмек көрсету ұйымдарына туберкулез кабинеті болып қайта ұйымдастырылды.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының 14.12.2018ж. №949-ө бұйрығымен Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің жанындағы диспансер бөлімі жабылып, ондағы штаттық бірліктер Тараз қаласындағы алғашқы медициналық санитариялық көмек көрсету ұйымдарына толығымен берілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің 15.05.2019 ж. №110 Қаулысына сәйкес «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы диспансері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
Жамбыл облысы бойынша туберкулез науқастарына көмек көрсету деңгейі және қуаты жағынан ірі емдеу мекемесі болып табылады.
Бүгінгі таңда, Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығыжоба
бойынша 200төсек орынға арналған 4 қабатты типтік үлгідегі ғимаратта 200тәуліктік төсекпен жұмыс атқарады.
Ø 35 тәуліктік-төсек- ( МТ+) туберкулездің сезімтал түріне арналған бөлім;
Ø 50 тәуліктік-төсек ( МТ+) бактерия бөлетін көптеген дәріге төзімді туберкулезге шалдыққан науқастарды емдейтін бөлім
Ø 20 тәуліктік-төсек ( МТ+) бактерия бөлетін ауқымды дәріге төзімді туберкулезге шалдыққан науқастарды емдейтін бөлім,
Ø 20 тәуліктік-төсек бактерия бөлмейтін көптеген дәріге төзімді туберкулезге шалдыққан науқастарды емдейтін бөлім
Ø 55 тәуліктік-төсек хирургия бөлімі,
Ø созылмалы туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 3 тәуліктік-төсек;
Ø науқастарды мәжбүрлеп емдеу бөлімі17 тәуліктік-төсек.
Сонымен қатар, орталықтың құрамына келесі құрылымдық бөлімшелер кіреді:
Ø қабылдау бөлімшесі
Ø ота жасау бөлімі
Ø клиникалық зертхана
Ø бактериологиялық зертхана
Ø рентгендиагностика бөлімшесі
Ø диагностика бөлімшесі ( ультра-дыбыстық зерттеу, функционалдық диагностика, эндо-бронхоскопия,ЭКГ)
Ø физиотерапия бөлімшесі
Ø орталық залалсыздандыру бөлімшесі
Ø сараптама және медициналық статистика бөлімшесі
Ø ас бөлімі
Ø Персоналды басқару қызметі
Ø есеп бөлімі
Ø әкімшілік-шаруашылық бөлімі
Ø мониторинг және бағалау тобы
Ота бөлімінде жасалатын оталар түрі: Өкпені резекциялау ;
Торакопластика ;
Пульмоноэктомия;
Лобэктомия;
Бронхоблокатор орнату;
Өкпе қуысына, диафрагмаға және көкірек ортасына пластикалық оталар жасау;
Өкпе қуысына тораковидеоскопиялық оталар жасау;
Бронхқа, асқазанға және көкірек ортасына диагностикалық тексерулер жүргізу;
Кеуде қуысы ағзасына және өкпе қабына басқа да оталар жасау.
Бактериологиялық зертханада туберкулезді анықтаудағы заманауи жылдам диагностикалау әдістері
Ø Молекулярлы-генетикалық әдіс-Gene-Xpert, Hain-test және Bioneer ;
Ø Автоматтандырылған экспресс әдіс MGIT-960 (ВАКТЕС).
Қызметкерлердің саны: 358, оның ішінде:
Дәрігерлер - 40
Орта буын медицина қызметкерлері - 127
Кіші буын медицина қызметкерлері - 110
Басқалар - 81
Дәрігерлердің санаттылығы - 88,1 пайыз
Орта буын қызметкерлерінің санаттылығы - 80,0 пайыз
Мекеме қызметінің мәні – туберкулез науқастарын анықтау, емдеу, науқастарды диспансерлік есепке алу және туберкулездің алдын алу.
Мекеме қызметінің мақсаты – туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, яғни туберкулездің алдын алу, анықтау, туберкулез науқастарын емдеу, сауықтыру, диспансеризациялау, диагностикалық зерттеулер жүргізу, ересектерге стационарлық-медициналық көмек көрсету, жасөспірімдер мен балаларға консультативтік-диагностикалық көмек көрсету болып табылады.
Белгіленген мақсатқа жету үшін мекеме келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- Медициналық сауықтыру: емдік дене шынықтыру, физиотерапия;
- Диагностика: рентгенологиялық, ультрадыбыстық, фунционалдық, эндоскопиялық;
- Зертханалық диагностика: бактериологиялық зерттеулер, жалпы клиникалық зерттеулер, биохимиялық зерттеулер;
- Ересектерге стационарлық медициналық көмек келесі мамандықтар бойынша көрсетіледі: фтизиатрия; гинекология, анестезиология және жан сақтау, жалпы хирургия, урология, отоларингология, жалпы терапия, онкология, стоматология;
- Сараптамалық медициналық қызмет: уақытша еңбекке жарамсыздық.
- Жамбыл облысы пилоттық өңірдің құрамына кіруге байланысты бірқатар, нәтижелі жұмыстарды атқарып жатыр. Пилоттық жобаның негізгі мақсаты туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеудің амбулаториялық шеңберін ұлғайту. Туберкулез әлеуметтік аурулар санатына жататындықтан Жоба аясында амбулаториялық емдеу кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік көмек үшін бөлінетін қаржыландыру көлемі туберкулезге қарсы іс-шараларға арналған қаржыландырудың жалпы сомасынан 4 пайыздан кем болмауы қарастырылып, науқастарға емі аяқталғанша әр ай сайын әлеуметтік көмек көрсетілетін болады, яғни: Облыс бойынша бекітілген тізімге байланысты, туберкулезбен ауыратын науқастың карталық шотына аударылатын бір күнкөріс деңгейі мөлшеріндегі ай сайынғы ақшалай жәрдем ақымен қамтамасыз етіледі;
- Сондай-ақ, Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес Пациенттерге қолдау көрсету қызметі жұмыс істейді. Бұл қызметтің мақсаты – егерде емделуші медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттанбаса, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін медицина қызметкерінің ақша талап ету фактілері болған жағдайда, медициналық көмек көрсету тәртібіне немесе сапасына байланысты проблемалық мәселелерге кез болса, онда емделуші осы қызметке жүгіне алады. Бұл қызмет шағымды мүмкіндігінше тез қарап, күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде шағымды қарау нәтижесі бойынша ақпаратты ұсынады;
- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 60 (алпыс) минуттан аспайды;
2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
- Сонымен қатар, мекеменің барлық көрнекті жерлерінде сенім және CALL орталығының телефондары жазылған ақпараттық стенділері ілінген және өтініштер мен шағымдарға арналған жәшіктер орнатылған.