Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанованың төрағалығымен туберкулезбен күрес жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шараларды мониторингілеу мен бағалау жұмыстарының нәтижесін қорытындылау бойынша өтетін кеңес өтті. Оған Алгазиева Гулбану Даулетханқызы - Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығы, мониторинг және бағалау тобының жетекшісі;
Нажмиден Айзада Рашитқызы - ҚР ҰФҒО, мониторинг және бағалау тобының маманы;
Коптлеуова Алия Бакытжановна - Жаһандық қордың зертхана маманы;
Раимова Гульжан Дюсеневна - Жаһандық қордың мониторинг және бағалау тобының маманы;
Жапаркулова Майра Алтынбековна - ҚР ҰФҒО, дәрігер фтизиатр, бөлім меңгерушісі (кеше қайтып кетті);
Джунусова Анаркул Ауганбаевна - Ғылыми практикалық санитарлық - эпидемиологиялық сараптама орталығы, дәрігер эпидемиолог қатысты.
Сондай-ақ, онлайн (Zoom) арқылы ҚР Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының директоры - Әденов Мәлік және
Туберкулез мәселесі бойынша жаһандық қордың менеджері - Исмаилов Шахимурат қосылды.
2024 жылдың 11–15 наурыз аралығында Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы мамандары облыстағы медициналық ұйымдарда мониторинг жұмысын жүргізген. Оның нәтижесінде аталған дертпен аурушаңдық 2023 жылдың қортындысымен 2022 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға өскендігі анықталған(2022ж-33,0; 2023ж-34,2).
Өлім көрсеткіші 2023 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 1,1-ді құрап, 2022 жылмен салыстырғанда бір деңгейде (13 науқас қайтыс болды). (ҚР-1,2 қарсы 1,4).
2023 жылы флюорография әдісімен туберкулезге 593 642 адам тексерілген, яғни ол 98,1% ды құраған, оның нәтижесінде 354 туберкулезбен ауыратын науқас анықталды, яғни 1000 тексерілушіге 0,6 құрады. Қауіпі жоғары топтан -39 785 адам тексерілген. 134 туберкулезбен ауыратын науқас анықталып, яғни 1000 тексерілушіге 3,4 құрады.