Бүгін 15.03.2024ж.   Жамбыл  облыстық  фтизиопульмонология  орталығының  ұйымдастыруымен  24.02.-24.03.2024ж.  аралығында  өтіп жатқан  туберкулезбен  күрес  айлығына  байланысты, биылғы  «Біз  туберкулезді  жеңе  аламыз»  ұранымызбен  туберкулездің  алдын  алу  мақсатында  қаламыздың  үлкен «Ауыл береке» 

 базарында ауқымды акция  өткізілді.  Бұл  іс-шараға  Жамбыл  облыстық  фтизиопульмонология  орталығының  фтизиатрлары,  мейіргерлері  мен  кіші  буын  қызметкерлері, Тараз  қалалық  санитариялық-эпидемиологиялық  бақылау  басқармасы  эпидемиологиялық  бақылау  және  қадағалау  бөлімінің  басшысы  А.С. Сыдыкова, бас  маман  А.Б. Айдарбекова,  жетекші  маман  Е.Е. Тажибаева  қатысты. Ауқымды  іс-шара  барысында  флюорография  түсіретін  Флюкар  машинасымен  қала  қонақтары, тұрғындары, базардағы  сатушылар  мен  қызметкерлерін  тегін  флюорографиялық  тексерістен  өткізіп, қолдарына  нәтижелері  берілді.  Жалпы – 55 адам  флюорографиялық  тексерістен өтіп, оның  2-де флюропатология  анықталып, фтизиатрлардан  тиісті  толыққанды  кеңес  берілді.