Бүгін 14.03.2024ж.  Тараз «Парасат»  колледжі 1 курс қазақ  тілі,  әдебиеті  ҚТӘ 2-1, 2-2топтарына, 3курс  бастауыш  білім  беру  ББ, 1 курс  мектепке  дейінгі  білім  беру  МДТ 2-1 білімгерлерімен Жамбыл облыстықфтизиопульмонология орталығының фтизиопедиатры П.Дуйсеманова,СӨС мейіргері С.Қожабекова мен Тараз қалалық санитарлық – эпидемиологиялық  бақылау және қадағалаубөлімінің  жетекші  маманы  Е.Е.Тажибаева24.02.-24.03.2024ж.

аралығында өтіп  жатқан  туберкулезбен  күрес  айлығына  байланысты  «Біз туберкулезді  жеңе аламыз!» тақырыбында колледж  білімгерлерімен  дөңгелек  үстел өткізді. Іс-шара  барысында  білімгерлерге  туберкулез  жайлы  қысқаша бейнеролик  көрсетіліп, лифлеттер  мен  брошюралар таратылды.   Бұл  іс-шараға  жоғарыда  аталған  колледждің  психологы  Ж. Мұханова  мен  мейіргері  Ж.Д. Утегенова және 60 білімгер қатысты. Білімгерлер  қойған  сұрақтарына  толыққанды  жауаптар  алды.