12.03.2024ж.  Абай  атындағы  жоғары  гуманитарлық колледжі ағылшын  тілі факультетінің1-ші курс білімгерлерімен Жамбыл облыстық  фтизиопульмонология  орталығының  фтизиатры А.Б.Жакипбекова,СӨСмейіргеріС. Қожабекова мен Тараз  қалалық  санитарлық - эпидемиологиялық  бақылау  және  қадағалау  бөлімінің жетекші  маманы  Е.Е.Тажибаева24.02.-24.03.2024ж.  аралығында  өтіп  жатқан  туберкулезбен  күрес  айлығына

 байланысты  «Біз  туберкулезді  жеңе аламыз!» тақырыбында колледж білімгерлерімен дөңгелек  үстелөткізді.  Іс-шара барысындабілімгерлерге  туберкулез  жайлы қысқаша бейнеролик көрсетіліп, лифлеттер  мен  брошюралар таратылды. Бұл  іс-шараға  жоғарыда  аталған  колледждің медициналық  пункт  меңгерушісі:  Естаева А.К., және 60 студент қатысты. Студенттер  қойған  сұрақтарына  толыққанды  жауаптар  алды.