Бүгін 04.03.2024ж. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 3 - ші курс, фельдшерлік топ білімгерлерімен 24.02.-24.03.2024ж. аралығында өтетін туберкулезбен күресу айлығына орай Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының торокальді хирургы Ғ.А. Джантайбеков пен СӨС мейіргері С. Қожабекова «Біз туберкулезді жеңе аламыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Бұл іс-шараға мекеменің СӨС-ке жауапты мейіргер Тулегенова Ұлжан Бакитбековна мен анатомия пәнінің мұғалімі Орынбек Сабина Амалбекқызы қатысты. Білімгерлер қойған сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.
Қатыскан білімгерлер саны: 60.