Ағымдағы жылдың 21 ақпанында Жамбыл облысы  денсаулық сақтау басқармасының 16.02.2023 жылғы №803 хатының негізінде Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міңдетін атқарушы Л.Отарбайдың төрағалығымен Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының 2023 жылы туберкулезге қарсы атқарған іс-шаралардың қортындысы бойынша медициналық кеңес өткізілді.

Медициналық кеңеске облысқа іс-сапармен келген ҚР ДСМ Ұлттық Ғылыми фтизиопульмонология орталығының  клиникалық  қызметі  бойынша басшысы Рысқұлов Ғалымжан Пернебекұлы және Қаз ҒМУ фтизиопульмонология кафедрасының  ассистенты Абубакиров Аманжан  қатысып, туберкулез ауруын емдеудің жаңа қысқартылған жобасымен таныстырды. Сондай-ақ, облыстағы туберкулездің эпидемиологиялық жағдайы бойынша бас дәрігердің әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Жолдасова баяндама жасады. Күн тәртібіндегі көрсетілген сұрақтар бойынша балалар арасындағы туберкулездің өзекті мәселесіне штаттан тыс фтизиопедиатр А.Бекбенбетова тоқталып, саралап айтылды. Медициналық кеңеске облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары, Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары, Бастапқы медициналық санитариялық көмек ұйымдарындағы бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасарлары, туберкулез саласы бойынша үйлестірушілер, фтизиатр, фтизиопедиатр мамандар қатысты. Аудан мамандары бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.