01.02.2024 жылы Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында  Қазақстан Республикасы  денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қарашадағы «Туберкулез профилактикасы  жөніндегі іс- шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»

№ ҚР ДСМ -214/2020 және Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының 2024 жылғы  9 қаңтардағы № 11-ө бұйрығы негізінде орталықтың туберкулезден қайтыс болған науқастарды талдау  тобының  және 2024 жылы қаңтар айында қайтыс болған науқастар тіркелген Шу, Мерке, Жамбыл аудандарының туберкулез саласы бойынша БМСК мекемелеріндегі жауапты мамандардың қатысуымен талдау, зерделеу жұмысы өткізілді.