Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының 11.01.2024 жылғы №17-ө бұйрығы бойынша Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының жауапты қызметкері, ахуалдық орталықтың жетекшісі - Н.К. Арысбаев
“Электрондық денсаулық паспорты, жаңа флюоротека, флюорожоспар, маркерлермен жұмыс атқару, ахуалдық орталық есептері” тақырыбы бойынша 2024 жылдың 17 қаңтарында “Садыхан ОКДМО” және “ Almaz medical center” ЖШС медициналық орталықтарында,ал 19 қаңтарда №7 және №8 “Мейірім” қалалық емханаларда оқыту семинарын жүргізді.