Облыстық фтизиопульмонология орталығының Мониторинг және Бағалау тобы  2023 жылдың  қорытындысы бойынша жоспарлы әдістемелік ұйымдастыру жұмыстарын  Тараз қаласында жаңадан ашылған Студент медициналық орталығынан бастады. Мониторинг барысында медицина орталығының мамандарымен кездесіп,туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан іс шараларды бағалап,  емхана қызметкерлеріне тәжірибелік көмек көрсетілді.

Туындаған сұрақтарға толықтай жауаптар беріліп , алдағы  уақытта электоронды  бағытта жұмыстарды  жетілдіру ұсынылды. Жұмыс қортындысы бойынша қысқаша сараптама жасалып, ақпараттық анықтама  берілді.