Бүгін, яғни  24.11.2023жылы   Жамбыл облыстық денсаулық басқармасының және Жамбыл облыстық қан орталығының ұйымдастыруымен қан орталығы базасында    терапияның әлеуетті реципиенті ретінде жүкті әйелдегі "Гемокомпонентті  иммуногематологиялық тексерудің ерекшеліктері" бойынша семинар- тренинг өтті.

Семинар- тренингте ТМД елдері бойынша " Иммуно -Восток" иммунология бөлімінің басшысы А.М.Малахов,Ресей Федерациясы Ленинград облысы қан орталығының бөлім меңгерушісі, дәрігер- гинеколог, семинар спикері Д.А.Фомичева  жүкті әйелдерде  иммуногематологиялық  тексерудің сапасын арттыру, ұрық пен ананың қанының топтық және резус үйлесімдігі кезіндегі мәселелерді шешу және трансфузиология бойынша  проблемалық мәселелерді талқылау мақсатында  өздерінің  зерттеу нәтижелерімен  бөлісті. Семинарға Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығынан бас дәрігердің орынбасары, трансфузиологияға жауапты маман және гинеколог дәрігер қатысты.