Ағымдағы жылдың 20-21 қарашасында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының 13.11.2023 жылғы 449-ө бұйрығы негізінде Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында
«Қазақстан Республикасы туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылыми фтизиопульмонология орталығының мамандарының ұйымдастыруымен шартты түрде көшпелі семинар-тренинг өтуде. Тренингке Бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы туберкулез саласы бойынша «Қазақстан Республикасы туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» ақпараттық жүйесіне жауапты 25 маман және облыстық фтизиопульмонология орталығынан 2 маман қатысуда. Тренингті Ұлттық Ғылыми фтизиопульмонология орталығы мониторинг және бағалау, статистика, эпидемиология және цифрландыру департаментінің аға менеджері Руслан Абдуллаев өткізуде.