2023-2025 жылдарға арналған "Туберкулез" компоненті бойынша Жаһандық қор грантының жобасы шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында фтизиатриялық және пулмонологиялық қызметтерді дамытудың Жол картасының 38-тармағын орындау мақсатында ҚР ДСМ ҰФҒО-мен бірлесе Жақандық қор "Туберкулез инфекциясын диагностикалаудағы QuantiFERON-TV Gold plus Квантиферондық тесті "тақырыбында онлайн-тренинг ұйымдастырып өткізді.
Тренингтің мақсаты: Quantiferon-TV Gold plus инновациялық тестін енгізу негізінде Қазақстан Республикасында туберкулез инфекциясын(ТИ) анықтау және диагностикалау жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру.Онлайн тренингке Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері қатысты: ЦВКК мүшелері,ТИ кординаторлары,Мониторинг және бағалау тобының мамандары,зертханашы дәрігерлер.