Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының 20.09.2023 жылғы №390-ө бұйрығының негізінде облыста Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының» және Ғаламдық қордың ұйымдастыруымен «Туберкулез инфекциясы жағдайларын бағдарламалық басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбында 4-6 қазан аралығында көшпелі семинар-тренинг өз жұмысын бастады.
Тренинг өткізуге жауапты Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мамандары: медицина ғылымының кандидаты, дифференциальды диагностика бөлімінің меңгерушісі Л.П.Егенова және диагностикалық қабылдау бөлімінің меңгерушісі, жоғарғы санатты дәрігер Қ.Б.Галиева. Семинар-тренингке аудандық,қалалық фтизиатр және фтизиопедиатр мамандары қатысуда. Семинар-тренингтің негізгі мақсаты: Бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып тұрған туберкулез инфекциясының алдын-алу.