Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының  20.09.2023 жылғы №390-ө бұйрығының негізінде облыста бүгін, яғни 3 қазанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының» және Ғаламдық қордың ұйымдастыруымен  «Туберкулез инфекциясы жағдайларын бағдарламалық басқарудың өзекті мәселелері» тақырыбында 4 күндік көшпелі семинар-тренинг өз жұмысын бастады. 

Тренинг өткізуге жауапты Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мамандары: медицина ғылымының кандидаты, дифференциальды диагностика бөлімінің меңгерушісі Л.П.Егенова  және диагностикалық қабылдау бөлімінің меңгерушісі, жоғарғы санатты дәрігер Қ.Б.Галиева.   Тренинг 2 цикл болып жүргізіледі: 1-ші циклге (1 күндік) облыстық СПИД орталығының бас дәрігері, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы,  «Анти-ВИЧ» ҮЕҰ ЖШС  координаторы, облыстық штаттан тыс фтизиопедиатр, бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарындағы (БМСК) бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасарлары жәнеБМСК меңгерушілері (жалпы саны 25 маман) қатысуда. 2-ші цикл (3 күндік) 4-6 қазан аралығында облыстық фтизиопульмонология орталығы Мониторинг және Бағалау тобының мамандары мен БМСК құрамындағы фтизиатр дәрігерлер үшін ұйымдастырылмақ. Семинар-тренингтің негізгі мақсаты: Бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып тұрған туберкулез инфекциясының алдын-алу.