Ағымдағы жылдың 31 тамызында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының» ұйымдастыруымен туберкулез инфекциясының Қазақстан Республикасы «Туберкулез науқастарының ұлттық тіркелімі (ТНҰТ)» ақпараттық жүйесінің жаңа функционалдығы бойынша енгізу деректері жайлы оқыту онлайн режимде облыстар деңгейінде жүргізілді.

Осы орайда,облыстық денсаулық сақтау басқармасы хатының негізінде осы оқуды аудандар және қалалық емханалар деңгейінде Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының ұйымдастыруымен офлайн режимде жүргізу жоспарланып, 13-ші қыркүйекте Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының базасында аудандық емханалардың фтизиатр дәрігерлері, фтизиатрия бөлімінің медбикелері және химизаторлары (дублерлар) оқумен қамтылды.