Ағымдағы жылдың 31 тамызында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің  «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының» ұйымдастыруымен  туберкулез инфекциясының  Қазақстан Республикасы  «Туберкулез науқастарының ұлттық тіркелімі (ТНҰТ)» ақпараттық жүйесінің жаңа функционалдығы бойынша енгізу деректері жайлы оқыту онлайн режимде  жүргізілді.

Оқуға  Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы  ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің мамандары, Мониторинг және бағалау ТОБЫНЫҢ мамандары және  Бастапқы медициналық санитариялық көмек ұйымдарындағы туберкулез саласы бойынша ақпараттарды ТНҰТ-ға енгізуге жауапты мамандар қатысты.