Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының үстіміздегі жылдың 24 тамызындағы №3052 хатының негізінде 25 тамызда Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы базасында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Ана мен баланы қорғау бөлімінің» басшысы А.Р.Терликбаеваның төрағалығымен «Жамбыл облысында 2023 жылдың 1-ші тоқсанында жасөспірімдер арасында тіркелген туберкулездің асқынған түрінің өлім жағдайымен аяқталуына байланысты талдау» кеңесі жүргізілді.
Кеңес отырысына Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары, Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы, МСАК ұйымдарының бас дәрігерлері, бас дәрігердің ана мен баланы қорғау ісі жөніндегі орынбасарлары, туберкулез саласына жауапты үйлестірушілер, фтизиатрлар және фтизиопедиатрлар қатысты. Күн тәртібіне сәйкес негізгі мәселе бойынша облыстық штаттан тыс фтизиопедиатр А.С.Бекбенбетова баяндама жасап, өзекті мәселелерге тоқталды.Жарыссөзде Туберкулездің асқынған түрінің тіркелуіне байланысты атқарылған іс-шаралар, және келешекке жұмыс жоспары жайында сөз кезегін Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Б.Б.Үсенбаев алды. Кеңеске аудандар бейнеконференцбайланыс ( ВКС ) арқылы қатысты.