Ағымдағы жылдың 23 тамызында Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының базасында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының ұйымдастыруымен облыста жалпы емдеу мекемелерінің мамандары үшін «БМСК ұйымдары деңгейінде туберкулезді ерте анықтау, диагностикалау және емдеу» тақырыбында 3 күндік кешпелі семинар тренинг өз жұмысын бастады.
Семинар тренингке Қордай аудандық орталық ауруханасынан 6 жалпы тәжірибелі дәрігер, Сарысу аудандық орталық ауруханасынан 10 жалпы тәжірибелі дәрігер және Тараз қаласы «Садыхан облыстық кеңес беру және диагностикалық медицина орталығынан» 5 жалпы тәжірибелі дәрігер қатысуда. Тренингті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығы, Ғылыми оқу орталығының жетекшісі, медицина ғылымының кандидаты Сидоренко Ольга Альбертовна өткізуде. Семинар-тренинг соңында дәрігерлердің білімдері тестілеу әдісі бойынша бағаланып, сертификат беріледі.