Үстіміздегі жылдың 21 тамызында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мәжіліс залында «2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаны іске асыру» тақырыбында 2 күндік республикалық үйлестіру кеңесі өз жұмысын бастады.
Кеңеске қатысушылар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының басшылары, Ғаламдық қордың бағдарламасын іске асыру бойынша менеджер, бағдарлама және қаржы мамандары, ҰТП ұлттық және сыртқы кеңесшілері, Халықаралық әріптестер және облыстық, қалалық фтизиопульмонология орталығының бірінші басшылары.
Жамбыл облысынан кеңеске қатысушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е.Т.Мұсабаев, Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Д.О.Шымыров. Бекітілген бағдарламаға сәйкес басқармасы басшысының орынбасары Е.Т.Мұсабаев «Жамбыл облысы фтизиопульмонология орталығының аймақтық мониторинг және бағалау тобының іс-тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасап, республика деңгейінде облысымыздағы мониторинг және бағалау тобының жақсы көрсеткіштерге ие болып отырғанын айта келе, озық тәжірибелерімен бөлісті. Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары кеңеске онлайн форматта қатысты.