Облыстық фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау тобы 2023 жылдың 7 айдың қорытындысы бойынша, 15-17 тамыз аралығында жоспарлы әдістемелік ұйымдастыру жұмыстарын Қордай ауданының орталық ауруханасына, Сарыбулақ, Жамбыл, Бетқайнар дәрігерлік амбулаториясына жүргізді.
Атап айтсақ флюорографиялық тексерулердің жүйелігін, БЦЖ және Манту сынамаларының қорытындыларын енгізу, туберкулезге күдік туған жағдайда жүргізілетін алгоритмдерді DAMUMED жүйесінен onlain түрде көрсетіп, әр маманға жеке - жеке көмек ұйымдастырылды. Монитринг барысында туындаған сұрақтарға толықтай жауаптар беріліп , алдағы уақытта электронды бағытта жұмыстарды жетілдіру ұсынылды. Жұмыс қортындысы бойынша аудандық орталық аурухананың бас дәрігері және орынбасарының қатысуымен жиын өткізілді.