2023 жылдың мамыр айының 25-ші жұлдызында өткен Медициналық қызметкерлер күніне арналған дәрігерлер арасындағы облыстық сайысқа Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының атынан Спанкулова Бану Бақтыбекқызы қатысып,өз білімділігі мен іскерлігін көрсетіп алғыс хат алды.Спанкулова Бану Бақтыбекқызы 1984 жылы қазан айының 24 жұлдызында Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылында дүниеге келген.

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Балуан Шолақ ауылындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектепті 1990-2001 жж. аралығында тамамдаған. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетін 2001-2007жж. аралығында педиатр мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 2008жылы Шу қалалық ауруханасында балалар реаниматолог -анестезиологы ретінде бастаған. Ал 2013ж. Корея Республикасында «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен. 2014-2018 жж. аралығында Шу қалалық ауруханасында ересектер реаниматолог- анестезиологы болып қызмет етті. 2018-2021жж. аралығында Шу аудандық ауруханасында реаниматолог- анестезиологы болып қызмет етті. 2021жылдан қазіргі таңға дейін Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында реаниматолог- анестезиолог қызметін атқарып келеді. Бану Бақтыбекқызы жан-жақты,білімді, өз жұмысына адал, қабілетті, алға қойған мақсаттарына ұмтыла білетін жан. Құрметті Бану Бақтыбекқызы !!! Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының ұжымы Сізді Халықаралық медицина қызметкерлері күнімен құттықтап, жанұялық бақыт,еңбекте табыс және биік шыңдарды бағындыра беруіңізге тілектеспіз.