Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы 2 маусымдағы №238-ө бұйрығының негізінде облыстық фтизиопульмонология орталығының ұйымдастыруымен 08.06.2023 жылы Тараз қаласы,
№5 қалалық емхананың мәжіліс залында «Қазақстан Республикасында туберкулездің төзімді түрін пероральды дәрі-дәрмектермен емдеудің модификацияланған қысқа мерзімді схемаларын зерттеу» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы және "Денсаулық үшін серіктестер" үкіметтік емес ұйымының директоры Е.Ж.Альгожиннің және маманы М.Рашитовтың оқытуымен көшпелі семинар тренинг өткізілуде. Тренингте пациенттерді іріктеу, емдеу хаттамасы мен деректерді жинау, сонымен қатар "REDCap" ДДҰ Еуро базасының жобасы және базаның толтырылуы бойынша Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігерлері және бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының фтизиатрлары мен фтизиопедиатрлары қатысуда.