2023 жылдың 30-31 мамыр айының аралығында Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы, ахуалдық орталық жетекшісі Нұрлан Арысбаев Сарысу аудандық орталық ауруханасында және Талас аудандық орталық ауруханасында жалпы тәжірбиелі дәрігерлермен кезектен тыс семинар сабақ өткізіп, оқыту,түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында флюорографиялық тексерулердің жүйелігін, флюоротексерісте патология анықталғандармен, туберкулез маркерлерімен жұмысты жандандыру, тексеріс қортындыларын енгізу, туберкулезге күдік туған жағдайда жүргізілетін алгоритмдерді DAMUMED ақпараттық жүйесінен onlain түрде көрсетілді. Семинар барысында туындаған сұрақтарға толықтай жауаптар беріліп, алдағы уақытта электронды бағытта жұмыстарды жетілдіру ұсынылды.