2023 жылғы 24-26 мамыр аралығында Алматы қаласының "фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығында" және ҚХР Шыңжаң медициналық университетінің клиникасы жанындағы кеуде хирургиясы орталығының мамандар тобымен бірлесіп ШОС ғылыми-техникалық әріптестік бағдарламасы және "Орталық Азия өңірінде аз инвазивті кеуде хирургиясының стандартталған технологиясын ілгерілету және қолдану" халықаралық жобасы шеңберінде халықаралық конференция өтті.


Конференцияда қытайлық және отандық мамандар кеуде хирургиясындағы заманауи аз инвазивті технологиялар туралы баяндамаларымен таныстырып, сондай-ақ өкпе аурулары бар науқастарға торакоскопиялық хирургия бойынша шеберлік сыныптарын өткізді.