2023 жылдың 24-25 мамыр аралығында Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы, ахуалдық орталық жетекшісі Нұрлан Арысбаев және Мониторинг бағалау тобы  Т.Рысқұлова ауданындағы аудандық ауруханасында  және Меркі  ауданындағы «Меркі аудандық орталық ауруханасында» ,«Күншуақ емханасы», « Мейірім  Меркі» медициналық орталықтарында жалпы тәжірбиелі дәрігерлермен кезектен тыс семинар сабақ өткізіп, оқыту,түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Семинар барысында флюорографиялық тексерулердің жүйелігін, флюоротексерісте патология анықталғандармен, туберкулез маркерлерімен жұмысты жандандыру, тексеріс қортындыларын енгізу, туберкулезге күдік туған жағдайда жүргізілетін алгоритмдерді DAMUMED ақпараттық жүйесінен onlain түрде көрсетілді. Семинар барысында туындаған сұрақтарға толықтай жауаптар беріліп, алдағы уақытта электронды бағытта жұмыстарды жетілдіру ұсынылды.