2023 жылдың 18-19  мамыр аралығында   Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы, ахуалдық орталық жетекшісі Нұрлан  Арысбаев  Шу ауданындағы  «Шу аудандық орталық ауруханасында»  және «Шу  қалалық  емхана»  медициналық орталықтарында   жалпы тәжірбиелі дәрігерлермен кезектен тыс   семинар сабақ өткізіп, оқыту,түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 Семинар барысында флюорографиялық тексерулердің жүйелігін, флюоротексерісте патология анықталғандармен, туберкулез маркерлерімен жұмысты жандандыру, тексеріс қортындыларын енгізу, туберкулезге күдік туған жағдайда  жүргізілетін алгоритмдерді  DAMUMED ақпараттық жүйесінен onlain түрде көрсетілді. Семинар барысында туындаған сұрақтарға толықтай жауаптар беріліп, алдағы  уақытта электронды  бағытта жұмыстарды  жетілдіру ұсынылды.