2023 жылдың 5 мамырында Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы, ахуалдық орталық жетекшісі Нұрлан Арысбаев Тараз қаласындағы №9 емханада, 10 мамырда №7 емханада болып, жалпы тәжірибелі дәрігерлермен кезектен тыс семинар сабақ өткізіп, оқыту,түсіндіру жұмыстарын пысықтады.
Семинар барысында флюорографиялық тексерулердің жүйелігін, флюоротексерісте патология анықталғандармен, туберкулез маркерлерімен жұмысты жандандыру, тексеріс қортындыларын енгізу, туберкулезге күдік туған жағдайда жүргізілетін алгоритмдерді DAMUMED ақпараттық жүйесінен onlain түрде көрсетілді. Семинар барысында туындаған сұрақтарға толықтай жауаптар беріліп, алдағы уақытта электронды бағытта жұмыстарды жетілдіру ұсынылды.