Үстіміздегі жылдың 2-3 мамыры аралығында облыстық фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау тобының мамандары жоспарлы әдістемелік ұйымдастыру жұмыстарымен 2023 жылдың 4 айлық қорытындысы бойынша Жуалы ауданында іссапармен болып қайтты.
Іссапар барысында топ мамандары тарапынан аудандағы туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан іс шаралар бағаланып, емхана қызметкерлеріне тәжірибелік көмек көрсетіліп, туберкулезге қарсы қызметтің жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды. МСАК желісіндегі туберкулезге күдік туған жағдайда жүргізілетін алгоритмдерді DAMUMED жүйесінен onlain түрде көрсетіп, ТБ электронды 081 журналымен жұмыс мәселелері бойынша семинар сабақ ұйымдастырылды. Семинар барысында туындаған сұрақтарға толықтай жауаптар беріліп, алдағы уақытта электронды бағытта жұмыстарды жетілдіру ұсынылды.