Үстіміздегі жылдың 21 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқарма басшысының міндетін атқарушы Е.Т.Мұсабаевтың төрағалығымен «Жамбыл облысы бойынша 2023 жылдың 3 айында туберкулезге қарсы іс-шараларды орындау барысы туралы» медициналық кеңес өткізілді.

Медициналық кеңеске Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының мамандары, Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары, бастапқы медициналық- санитарлық көмек ұйымдарының бас дәрігерлері, бас дәрігерлердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары және туберкулез саласына жауапты үйлестірушілер қатысты. Медициналық кеңесте Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Д.О.Шымыров   облысымыздағы туберкулездің эпидемиологиялық жағдайын баяндап, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерге тоқталды.

Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы туберкулезге қарсы іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда басты үйлестіруші   ретінде, ҚР ДСМ 30.11.2020 жылғы №214/2020 «Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»,   ҚР ДСМ 30.09.2022 жылғы №107 «Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығымен және Жамбыл облысында фтизиопульмонологиялық қызметті дамытудың 2023-25 жылдарға арналған жол картасы негізінде жұмыс жүргізуде.