Облыстық фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау тобы жоспарлы әдістемелік ұйымдастыру жұмыстарын 2023 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша Талас ауданында жүргізді.
Мониторинг барысында Бостандық, Ақкөл, Қызылауыт, №6 арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының мамандарымен кездесу болды. Туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан іс шараларды бағалап, емхана қызметкерлеріне тәжірибелік көмек көрсетілді. Атап айтсақ, флюорографиялық тексерулердің жүйелігін, БЦЖ және Манту сынамаларының қорытындыларын енгізу, туберкулезге күдік туған жағдайда жүргізілетін алгоритмдерді DAMUMED жүйесінен onlain түрде көрсетіп, семинар сабақ ұйымдастырылды. Семинар барысында туындаған сұрақтарға толықтай жауаптар беріліп , алдағы уақытта электронды бағытта жұмыстарды жетілдіру ұсынылды. Жұмыс қортындысы бойынша аудандық орталық аурухананың бас дәрігерімен орынбасарының қатысуымен жиын өткізілді.