24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған және ДДСҰ-ның 2023 жылға арналған «Біз туберкулезді жеңе аламыз!» ұранымен,
халықаралық мамандардың қатысуымен өткен Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігерлері онлайн түрде қатысып, туберкулезді жоюдың озық тәжірибелерін енгізу және таратуға жұмылдыру, денсаулық сақтау саласының өзекті проблемасы ретінде қарастыру қажеттілігі талқыланды.