Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында 2023 жылғы 24 наурызда  2 - емдеу бөлімінің  меңгерушісі  А.Т. Есмұрат " Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері " тақырыбында семинар сабақ өткізді.

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері - мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуi, оларға теңестiрiлген мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк қызметiн жүзеге асыруы барысында туындайтын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау мүмкiн жағдай туғызатын жағдайлар, факторлар мен құбылыстар. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау біздің орталықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының маңызды элементі болып табылады, ол іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың орталық қызметінің ерекшелігіне сәйкестігін қамтамасыз етуге және орталықта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысты жүргізуге бағытталған ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретіні туралы айтып өтті.