2023 жылдың 17 наурызда Тараз қаласындағы үлкен «Ауыл береке» базарында  24.02 - 24.03 аралығында  өтіп жатқан  туберкулезбен  күресу  айлығына  байланысты    «Біз  туберкулезді  жеңе  аламыз» ұранымен  туберкулездің  алдын  алу  мақсатында  ауқымды акция өткізілді. 

Бұл  іс-шараға  Жамбыл  облыстық  фтизиопульмонология орталығының  фтизиатр дәрігерлері,  мейірбике  мен  кіші  буын  қызметкерлері , Жамбыл облысы  әкімдігінің  денсаулық  сақтау санитариялық  эпидемиологиялық  бақылау  департаментінің  аса қауіпті  инфекцияларды  және  туберкулезді эпидемиологиялық  қадағалау бөлімінің  бас  маманы Мамытова Л.Қ., Тараз  қалалық  санитариялық-эпидемиологиялық  қадағалау басқармасының  бас маманы  Абдраманова Д.Е.  және   жетекші  мамандары,  ҚБ «Тараз - Анти ВИЧ»үкіметтік емес  ұйымының  әлеуметтік  қызметкері  Геронтиди  Г.К., аутричтері   қатысты. Ауқымды іс-шарада  флюорография түсіретін Флюкар машинасымен  қала қонақтары, тұрғындары  мен  базардағы  сатушылар мен қызметкерлерін  тегін  флюорографиялық  тексерістен өткізіп, қолдарына нәтижелері  берілді.  Жалпы – 67 адам флюорографиялық тексерістен өтіп, оның  екеуінен патология  анықталып, фтизиатр дәрігер  тиісті толыққанды  кеңес  берді.