2023 жылдың  24 ақпан – 24 наурыз аралығында  өтетін  туберкулезбен  күресу  айлығына  орай  бүгін   Жамбыл  облыстық  фтизиопульмонология  орталығының  торокальді  хирургы 

А.Т.Усенов және орталықтың АКӘМ маманы Г.Р.Тиленшиева,  Тараз қалалық  санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау басқармасының  эпидемиологиялық  бақылау және қадағалау  бөлімінің  басшысы  А.С.Сыдыкова және  бас маманы  Д.Е.Абдраманова Тараз  Парасат  колледжі  және  Жамбыл  политехникалық   жоғары  колледжінің 1-ші курс  білімгерлерімен    «Біз туберкулезді  жеңе аламыз!»  тақырыбында дөңгелек  үстел  өткізді. Бұл  іс-шараға  жоғарыда  аталған  колледждің  мұғалімдері:  Жусипбекова Ш., Каринбаева Р., мекеме медбикесі: Аубакирова Ғ.Қ., Ж.Д.Утегенова қатысты. Білімгерлер  қойған  сұрақтарына  толыққанды  жауаптар  алды.