14.03.2023ж. Абай атындағы жоғары гуманитарлық колледжі бастауыш бөлімінің 2-ші курс студенттерімен Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының фтизиатры
Б.Б.Көпбаева мен Тараз қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Д.Е.Абдраманова 24.02.-24.03.2023ж. аралығында өтіп жатқан туберкулезбен күрес айлығына байланысты «Біз туберкулезді жеңе аламыз!» тақырыбында колледж студенттерімен дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс-шараға жоғарыда аталған колледждің фельдшері: Дүйсембаева Ғ.Ж., медбикесі: Естаева А.К. және 30 студент қатысты. Студенттер қойған сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.