Бүгін 10.03.2023ж.  Ш. Мұртаза атындағы  Халықаралық  Тараз Инновациялық  Институтының  шығармашылық  мамандықтар   мамандығы  бойынша  1 - ші курс  білімгерлерімен  24.02.-24.03.2023ж. – өтетін  туберкулезбен  күресу  айлығына  орай  Жамбыл  облыстық  фтизиопульмонология  орталығының  фтизиопедиатры  П. Дүйсеманова «Біз туберкулезді  жеңе аламыз!»  тақырыбында дөңгелек  үстел  өткізді.

  Бұл  іс-шараға  «Даримед»  медициналық  орталығының бас дәрігері  И. Рустемов, жоғарыда  аталған  оқу  орнының әскери  дайындық   оқытушысы: С. Асилов  қатысты. Білімгерлер  қойған  сұрақтарына  толыққанды  жауаптар  алды.Қатыскан білімгерлер саны: 50.