Жамбыл облыстық көпсалалы аурухананың кардиохирургтеріне жүректің коронарлық ауруы ,тұрақсыз стенокардия .ПИМ диагнозы қойылған науқас жүгінді. Тексеру кезінде сол жақ өкпенің буллезді эмфиземасы,алып буллезді кисталары анықталды, бұл жағдай болашақта пациентті ауыр тыныс жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады.

Жүрек патологиясы мен буллезді эмфиземаны ескере отырып, облыстық көпсалалы аурухананың және облыстық фтизиопульмонология орталығының хирург дәрігерлерінің консилиумымен: Байтөре Б.С., Жайпанов М.Т.,Үсенов А.Т, Алиев Е. У перфузиолог Ақниязов М.Т,анестезиологтар: Мырзағұлов А.,Қарасартов С. Қ., Оңалбаев С.А. жалпы анестезия және жүрек-өкпе аппараты астында екі бригаданы тарта отырып, бір трансстернальды жолдан екі мүшеге бір мезгілде операция жасау туралы шешім қабылдады. Үшінші айналма пайда болғаннан кейін коронарлық артерияны шунттау операциясы кезінде плевра қуысын және сол жақ өкпені ревизиядан кейін алып буллезді кисталар түріндегі патологиялық түзілімдер анықталды, олар резекцияланып алынып тасталды. Плевра қуысы дренаждалды.Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты.

Қысқаша мазмұны:
1.Жамбыл облысында алғаш рет жүрекке және өкпеге бір трансстернальды тәсілмен екі операция қатар жасалды.
2.Әлбетте, экономикалық тиімділік, бұл операцияның жарақатын барынша азайту, бұл пациенттің оңалту және қалпына келу уақытын қысқартады.
3. Жасалған операциялар жүрек-тыныс жетіспеушілігінің өршуіне жол бермейді.
4. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бұл операциялар болашақта кардио-кеуде хирургиясының тәжірибесінде орын алады.