Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының (ары қарай ЖОФО) базасында "Флюоротека" модулін қамти отырып, сараптайтын «Ахуалдық орталық» ашылды. "Флюоротека" модулі бұл - диагноз қою кезінде қосымша материал ретінде науқастану жағдайларын ерте сатыда анықтау мақсатында пациенттердің цифрлық флюоросуреттерін қашықтықтан оқу және флюорографиялық түсірілімдердің екінші оқылуын орталықтың кәсіби мамандандырылған дәрігерлерімен жүзеге асырылатын мүмкіндігі бар жүйе.
Бұл модульдің артықшылығы флюорографиялық суреттерді электрондық мұрағатта мерзімсіз сақтау, тіркенген халықтың жылдық флюорографиялық жоспарын қалыптастыруға, сондай-ақ өкпеде патология болған кезде флюоропатология маркерін автоматты түрде қалыптастыру болып табылады.

"Флюоротека" модулі төмендегідей функционалдық мүмкіндіктердің орындалуын қамтамасыз етеді:
1) Шын мәнінде флюорографиялық тексеруден өткен пациенттерді бақылау;
2) Флюорографиялық зерттеуден өткен пациенттерді тіркеу журналдарын қалыптастыру;
3) Флюоро-аппараттан сандық медициналық суретті алу;
4) Қажетті ілеспе деректерге сараптама жасай отырып, флюорсуретті тіркеу;
5) Сандық медициналық флюорсуреттер мұрағатына жіберу;
6) Флюорографиялық зерттеу нәтижелерін қарау;
7) Белгілі бір пациенттердің флюорографиялық суреттерін арнайы мамандандырылған дәрігердің сұрауы бойынша зерттеу үшін сандық флюорокартатекадан алып беру.

Бұл модульде флюорографиялық қарап-тексеру жоспарының орындалуына сапалы мониторинг жүргізуге арналған есептер, сондай-ақ халықты ай сайын флюорографиялық қарап-тексеруге шақыруға арналған тізімдер бар. Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы күн сайын халықты туберкулезге профилактикалық тексеру жоспарының орындалуы бойынша мониторинг жүргізеді.
Бұл модульдің артықшылықтарының бірі - туберкулезді, онкологияны және тыныс алу жүйесінің басқа патологияларын ертерек анықтауға мүмкіндік береді.
Аталған іс-шаралар, ЖОФО-ның мониторинг және бағалау тобының мамандары мен облыстағы барлық БМСК мекемелерімен бірлесе отырып жүзеге асырылатын жұмыс.
Ахуалдық орталықтың мамандары:
1) Жетекші Арысбаев Нұрлан Қорғанбекұлы.
2) Дәрігер Ерназаров Мейірхан Қайратұлы.
3) Медстатист Каримова Гүлзат.