облыстық фтизиопульмонология орталығының мониторинг және бағалау тобы мен ахуалдық орталық мамандарымен «Садыхан» облыстық клиника -диагностикалық медициналық орталығымен «Almas Medical Group» ЖШС емханаларына жоспарлы әдістемелік ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.
Туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан іс шараларды бағалап, емхана қызметкерлеріне тәжірибелік көмек көрсетілді. Атап айтсақ, флюорографиялық тексерулердің жүйелігін, БЦЖ және Манту сынамаларының қорытындыларын енгізу, туберкулезге күдік туған жағдайда жүргізілетін алгоритмдерді DAMUMED жүйесінен onlain түрде көрсетіп, семинар сабақ ұйымдастырылды. Семинар барысында туындаған сұрақтарға толықтай жауаптар беріліп , алдағы уақытта электронды бағытта жұмыстарды жетілдіру ұсынылды.