2022 жылдың 24-25 қарашасында Қарағанды қаласына Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының келісуімен Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен
Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы ахуалдық орталық жетекшісі, Мониторинг және бағалау тобының жетекшісінің басқаруымен облыстағы бастапқы медициналық санитариялық көмек ұйымдарынан фтизиатр, жалпы тәжірибелік дәрігерлер «Дамумед» ақпараттық жүйесінде «Ахуалдық орталық», «Флюоротека» модульдерінің жұмыстарын жақсарту, тәжірибе алмасу мақсатында іссапарда болып қайтты. Жалпы облыстан 20 маман барып қайтты. Іссапар нәтижесі бойынша Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында БМСК ұйымының мамандарын оқытып, 2023 жылға флюорожоспарды сапалы жасақтауға үйрету жұмыстары жалғасуда.