2022 жылдың 7 қарашасында Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасында өткен үйлестіру кеңесінің №1хаттамасында көрсетілген тапсырмаларды орындау барысында Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығында үстіміздегі жылдың 22 қарашасында
бастапқы медициналық санитариялық көмек ұйымдарынан туберкулез саласына тағайындалған координаторлармен «Ересектер мен балалар арасында туберкулезді ерте анықтау, диагностикалау және емдеу», флюорожоспардың, Манту жоспардың 2023 жылға жасақталу барысы жайында және «Дамумед» ақпараттық жүйесіне енгізілу деңгейі туралы семинар өтті. Семинарды жүргізгендер: ахуалдық орталық жетекшісі, Мониторинг және бағалау тобының мамандары.