2022 жылдың 7 қарашасында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ж.М.Оспанованың төрағалығымен 2022 жылдың 9 айында туберкулезге қарсы атқарылған іс шаралардың орындау барысы туралы үйлестіру кеңесі өткізілді.

Үйлестіру кеңесіне Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының басшылары зум платформасы арқылы қатысты. Кеңесте Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Д.О.Шымыров облыста 2022 жылдың 9 айында туберкулезге қарсы атқарылған іс шаралар жайында баяндама жасады. Баяндамада облыстың эпидемиологиялық жағдайы, туберкулезді алдын алу жұмыстары егжей-тегжейлі айтылып, талданылды. Сондай-ақ, басқарма басшысының сұрақтарына БМСК ұйымдарының бас дәрігерлері жауап беріп, келешектегі жұмыс жоспарларын баяндады.