Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының 14.10.2022 жылғы №430-ө бұйрығы негізінде 2022 жылдың 26-28 қазан аралығында Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының ұйымдастыруымен облыста жалпы емдеу мекемелерінің мамандары үшін «БМСК ұйымдары деңгейінде туберкулезді ерте анықтау, диагностикалау және емдеу» тақырыбында  көшпелі семинар тренинг өтті.

Тренингті өткізген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығы, Ғылыми оқу орталығының жетекшісі, медицина ғылымының кандидаты Сидоренко Ольга Альбертовна. Семинар-тренингте жалпы 56 дәрігер  өз білімдерін жетілдірді.