«Орталық Азияда туберкулез індетін жою:үздік тәжірибе, сын-қатерлер және мүмкіндіктер» атты 6-шы халықаралық конференциясы қарсаңында Алматы қаласы, ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында өткен «Өкпе туберкулезін хирургиялық жолмен емдеу»шеберлік сыныбына Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының емдеу хирургия бөлімінің оташы дәрігерлер бөлім меңгерушісі Т.Т. Аяпов, хирургтар: Т.С.Бердалиев, А.Т. Усенов, Ғ.А.Джантайбеков,Е.У. Алиев қатысты.

Көрсеткіштік оталардың бірнеше түрін Қытайдан келген әріптестер, ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында жасады: 1. Тораковидеоскопиялық аз инвазивті операция: «Кавернозды туберкулезге оң жақ өкпенің жоғарғы лобэктомиясы». 2. Өкпенің кавернозды туберкулезіне силикон имплантын енгізу арқылы шағын қол жеткізуден төрт қабырғаның үстіңгі артқы торакопластикасы. 3. Оң жақта ыдырау фазасында жоғарғы жақтың инфильтративті туберкулезімен лобальды бронхқа бронхоблокаторларды орнату. Өкпе туберкулезін туберкулездің XDR, MDR түрлерімен хирургиялық емдеу бойынша ғылыми баяндамалар жүргізді. Баяндамаларды талқылау кезінде Алматы қаласындағы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы қызметкерлерінің шеберлік сыныбына мамандарды шақыра отырып, өкпе туберкулезін хирургиялық емдеудің аталған әдістерін Қазақстан Республикасының аймақтарында енгізу туралы шешім қабылданды.