ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының «Туберкулез, безгек және ЖИТС-пен күрес» Жаһандық қорымен бірлесе ұйымдастыруымен 2022 жылдың 10,11 ақпанында Алматы қаласында 2021жылдың қортындыларын шығару, Ұлттық туберкулез бағдарламасының тиімділігіне әсер ететін өзекті мәселелерді талқылау, оны шешу жөніндегі шараларды жоспарлау мақсатында республикалық үйлестіру кеңесі өтті. Кеңеске Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі, облыстық, қалалық фтизиопульмонология орталықтарының басшылары қатысты. Өңірлердегі фтизиопульмонология орталықтарының мамандары онлайн режимде қатысты. Кеңесте Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Д.О.Шымыров облыстағы туберкулезге қарсы атқарылған іс-шараларды және алдағы міндеттер мен түйінді мәселелерге толығымен тоқталды.
6
- Подробности
- Автор: Администрация
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.