«Туберкулезбен күреске инвестиция салыңыз. Өмірге араша болыңыз» тақырыбында 24.02-24.03.2022 ж. аралығында  өтетін  Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай 14.03.2022ж. Қордай аудандық орталық ауруханасының   фтизиатр дәрігерлері Қордай ауданы Масанши ауылының тұрғындары арасында кең көлемде акция өткізіп, 250 ауыл тұрғынын тегін флюорографиялық тексеруден өткізіп, дәрігерлік кеңес берді.