Бүгін 19.03.2025 жылы Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының ұйымдастыруымен 24.02 - 24.03 өтетін Дүниежүзілік туберкулезбен күресу айлығына орай «Ия, Біз ТУБЕРКУЛЕЗДІ жеңе аламыз: міндеттенеміз, қаржы құямыз, әрекет етеміз!» тақырыбында туберкулездің алдын алу мақсатында қаламыздың үлкен «Ауыл береке» базарында ауқымды акция өткізілді.
Бұл іс-шараға Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігерлері, мейіргерлері мен кіші буын қызметкерлері, Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары: Ессейтова Г., Тажибаева Е., Мадемарова К., Сыдыкова А.; НПО «Тараз- Анти ВИЧ» жоба үйлестірушісі - Осеров К., НПО әлеуметтік қызметкер - Геронтиди Г.К. қатысты.Ауқымды іс-шара барысында флюорография түсіретін Флюкар машинасымен базардағы кәсіпкерлер, тұтынушылар, тұрғындар мен қала қонақтары тегін флюорографиялық тексерістен өткізіліп, қолдарына нәтижелері берілді. Жалпы саны 66 адам флюорографиялық тексерістен өтіп, оның ішінде 4-де созылмалы бронхит белгілері анықталып, ұсынымдар берілді.